Қазіргі бессайыс: Георгий Борода-Дудочкин Олимпиада финалынан тыс қалды

Қазіргі бессайыс: Георгий Борода-Дудочкин Олимпиада финалынан тыс қалды

2024  жылғы Олимпиада ойындарында қазіргі бессайыстан еррлер арасындағы алғашқы жартылай финал аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл бәсекеге қазақстандық Георгий Борода-Дудочкин қатысып, 1 452  ұпай жинады. Жартылай финалда ол 16-орынға жайғасты. 

Финалға шығу үшін бұл жеткіліксіз. Себебі, ақтық сынға алғашқы  тоғыз спортшы ғана жолдама алды. 

Бірінші жартылай финалда олимпиадалық рекордты орнатып, 1 516 ұпай алған египеттік Ахмед Эльгенды көш бастап тұр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан