Тоқаев бір топ құрылысшыға мемлекеттік награда табыстады

Тоқаев бір топ құрылысшыға мемлекеттік награда табыстады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылысшы күні қарсаңында бір топ жұмысшыға мемлекеттік награда табыстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Құрылысшы күні қарсаңында отандық құрылыс саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін саланың бір топ жұмысшысы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 4 азамат "Парасат" орденінің және 36 адам "Құрмет" орденінің кавалері атанды. 40 жұмысшы ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен марапатталып, 72 құрылысшы "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан