Алматыда Рысқұлов даңғылындағы қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі
Фото: depositphotos.com

Алматыда Рысқұлов даңғылының бір бөлігіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты реверсивті қозғалыс енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

11 тамыз сағат 23:00-ден 13 тамыз сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов-Күдерин жолайырығынан бастап, Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығына дейінгі даңғылдың оңтүстік жағында қозғалыс жабылады.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, көлікпен даңғылдың солтүстік жағымен жүруге болады, мұнда реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Батыс және шығыс бағыттағы жолақ санын патрульдік полиция қызметкерлері қалыптасқан жағдайға байланысты реттейді.

"Учаскеде екі жақты қозғалыс туралы ескерту белгілері орнатылады. Жолақтар жарық шағылыстырғыш конустармен бөлінеді. Реверсивті қозғалыс басталар алдында шығыс және батыс жақта көлік ортасын бөлетін темір қоршау орнатылады", - делінген хабарламада.

12 тамыз сағат 8:00-де Рысқұлов даңғылынан Күдерин көшесіне және Солтүстік айналма көшесінен шығыс бағытқа бұрылатын жолдар ашылады. 12 тамыз сағат 12:00-де Бөкейханов көшесінен Рысқұлов даңғылына шығыс бағытқа бұрылатын жол ашылады.

Айта кетейік, көлік қозғалысын шектеу туралы барлық ақпараттар Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карта" сервисінде көрсетілген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан