Мұратхан Тоқмәди шартты түрде бостандыққа шығады

Мұратхан Тоқмәди шартты түрде бостандыққа шығады
Фото: видеодан алынған кадр

Сот Мұратхан Тоқмәдидің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақпаратты Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі растады.

"Қонаев қалалық сотының 2024 жылғы 26 шілдедегі қаулысымен М.Тоқмәдидің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылды", - делінген сот хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы