Алматының бұрынғы бас сәулетшісіне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

Алматының бұрынғы бас сәулетшісіне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджановқа қатысты алдын ала тыңдау басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында урбанистика және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджановтың қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны туралы іс бойынша алғашқы сот отырысы (алдын ала тыңдаулар) өтті.  Айыптамалық сотта Алмасхан Ахмеджановтан бөлек тағы бес адам отыр, олардың арасында Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы Ардақ Самамбетов бар.

Прокуратура сот отырысын БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өткізуді сұрағанымен, судья бұған негіз болмағандықтан, айыптаушы тарапты одан бас тартты.

Сот отырысына сотталушылардың бірінің адвокаты келмей, судья сот отырысын 13 тамызға қалдырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы