Міндетін орындамаған әуе компаниясына айыппұл салынды

Жолаушылардың алдында міндетін орындамағаны үшін FlyArystan компаниясына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Алматы – Астана бағыты бойынша FlyArystan-ға тиесілі әуе рейсі кешіктілірген. Алайда компания тиісті қызметті ұсынбады: жолаушыларды қонақ үйге орналастырылмаған, жолаушыларды әуежайдан қонақ үйге дейін және кері трансфер ұйымдастырмаған.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодекстің 567-бабы 2-бөлігі бойынша FlyArystan әуе компаниясының үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, 1 000 АЕК (3 млн 692 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін FlyArystan баланы ұшаққа кіргізбені үшін жауапқа тартылатыны хабарланған еді.