АҚШ-та кибералаяқтықпен айналысқан Қазақстан азаматы ұсталды

АҚШ-та кибералаяқтықпен айналысқан Қазақстан азаматы ұсталды
Фото: pixabay.com

Шетелдік БАҚ қазақстандықтың АҚШ-та кибералаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Court Watch ақпараттық порталының хабарлауынша, бұл іске қазақстандық Александр Ходыревпен бірге ресейлік Павел Кублицкий де қатысуда. Іске қатысты сот құжаттары да желіде жарияланды.

"Олар darknet желісінде заңсыз алынған ақпаратты алмасу және сату үшін пайдаланатын WWH платформасын басқарды деген күдікке ілінген. Тергеушілер бұл қылмыстық форумды eBay мен Reddit арасындағы крест ретінде сипаттайды", - деп жазады портал.

Түсініктеме алу үшін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне хабарластық. Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, америкалық тараптан бұл іске қатысты ешқандай ақпарат жоқ.

"Біз АҚШ-тың құқық қорғау органдарынан растауды сұрадық. Сондықтан біздің азаматтың ұсталғанын жоққа шығара да, растай да алмаймыз", - деді Смадияров.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы