Абай күніне орай Yandex Qazaqstan Іздеуде ақынның дәйексөздерін орналастырды

Ұлы қазақстандық ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Yandex Qazaqstan Іздеудің басты бетінде оның дәйексөздері бар портретін орналастырды, сондай-ақ Карталардың көмегімен Республикада классиктің атымен қандай объектілер аталғанын және олардың қанша екенін анықтады.

9-10 тамыз аралығында қолданушылар Іздеудің басты бетінде ақынның бейнесін көре алады. Егер суретті бассаңыз, сервис Абайдың қазақ және орыс тілдерінде дәйексөздерінің бірін көрсетеді. Осылайша, сізге ақынның дана өсиеттерін қайта оқуға мүмкін болады немесе, мысалы, өзіңіз үшін оның шығармашылығынан жаңа нәрсе таба аласыз.

Классиктің дәйексөздерін көру үшін, қолданушылар Іздеуде «Абайдың даналығы» сұрауын енгізе алады. Егер сіз көбірек мәлімдемелерді оқығыңыз келсе, «Қосымша дәйексөз» батырмасын басу жеткілікті — және сервис ақынның басқа нақыл сөзін көрсетеді.

Абайды үлкен мұра қалдырған Қазақстанның ағарту реформаторы деп санайды. Яндекс Картаның мәліметінше, елде ойшылдың құрметіне 100-ге жуық білім беру және мәдени мекемелер, соның ішінде мектептер мен гимназиялар, жоғары оқу орындары мен колледждер, мұражайлар, театрлар мен кітапханалар аталған. Қазақстанның түрлі қалаларында ақынға 38 ескерткіш орнатылып, оның есімімен 1500-ден астам көше, тұйық көшелер мен даңғылдар аталуда. Сондай-ақ, елде Абайдың құрметіне аталған 8-ден астам табиғи нысандар, соның ішінде шатқалдар, шыңдар, мұздықтар мен асулар бар.

 

Yandex Qazaqstan — машиналық оқыту мен нейрожелілер негізінде өнімдер мен қызметтерді жасайтын технологиялық компания. Компания қолданушылардың өмірін жақсартуға және Қазақстанда цифрлық ортаны дамытуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және енгізумен айналысады. Елде іздеу, қалалық, бұлтты және ойын-сауық қызметтері қазірдің өзінде жұмыс істейді, сонымен қатар компания білім беру және әлеуметтік жобаларды дамытуда.