ҚМА қазақстандық азамат туралы ақпаратқа сыйақы жариялады

ҚМА қазақстандық азамат туралы ақпаратқа сыйақы жариялады
Фото: Видеодан алынған кадр

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР азаматы Бойко Михаил Адамовичты (1963 жылғы 25 маусым туған) іздестіруде, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы 3-бөлігі (салық төлеуден жалтару) және 218-бабы 3-бөлігі (қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру) бойынша қылмыс жасады деп күдіктелуде.

"Бойко М.А. балық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығын төлемей, мемлекетке 400 миллионнан астам теңге залал келтірген.

Егер сіз іздестіріліп жатқан азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, бізге хабарлауыңызды сұраймыз. +7-701-218-05-23, +7-701-121-47-65 - азаматтарды іздестіру бойынша, +7-7272 - 79-29-56 - кезекші бөлім. Сыйақы мен анонимділікке кепілдік береміз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталының мәліметінше, Михаил Бойко 2016 жылдың 13 қаңтарынан бері іздеуде болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы