Президент Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларын Ақордада қарсы алды

Президенттер Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Ақордаға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәртебелі қонақтарды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Кездесуге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан басшылары қатысады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!