Air Astana рейстердің кешігетінін ескертті

Air Astana рейстердің кешігетінін ескертті
Фото: Tengrinews.kz

Air Astana әуе компаниясы рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кеше, 4 тамызда Астанада бұршақ аралас жаңбыр жауған еді.

Салдарынан әуе компаниясы 4 ұшаққа зақым келгенін анықтады. Инженерлер тексеріс жүргізіп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол бірнеше күннен кейін аяқталады, - деп жазылған хабарламада.

Air Astana әуе рейстерінің кешігуі мүмкін екенін ескертті.

Еске селейік, кеше елордада бұршақ жауып, бірнеше адам зардап шеккені хабарланған еді.

А. Есен