Алматыда бір көше учаскесі жабылады

Алматыда бір көше учаскесі жабылады
Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда Қаппаров көшесінің учаскесі жөндеуге байланысты бір түнге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, 10 тамызда сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Жамақаев көшесінен MEDITERRA медициналық орталығына дейінгі учаскеде қозғалыс толығымен жабылады. Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері қойылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршрутты алдын ала жоспарлау сұралады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек