Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер Қазақстанда 10, 11 және 12 тамызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, 10-12 тамыз аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақыз болады: жаңбыр жайып, найзағай түсіп, екпінді жел соғуы, бұршақ жаууы мүмкін. 10 және 12 тамызда еліміздің солтүстік-батысында, 10 тамызда орталықта, 10-11 тамызда шығыста, 11 тамызда елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі.

"Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі мүмкін: күндіз еліміздің батысында +20+30, солтүстік-батыста +15+28, солтүстікте +15+25, шығыста Ал орталықта +17+28 градусқа дейін ыстық болады, күндіз еліміздің оңтүстік-шығысында қатты ыстық +35+38, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37 градус болады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек