Қарағанды облысында құтқарушылар із-түзсіз жоғалған адамды тапты

Қарағанды облысында құтқарушылар жоғалған адамды тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап. 

Оқиға Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында болды. 1978 жылы туған ер адам үйінен Белдеутас ауылына қарай шығып, қайтып оралмады.

Алаңдаған туыстары ТЖМ қызметкерлеріне көмекке жүгінді. Құтқарушылар адамды Ақбай-Қызылбай ауылынан 4 шақырым жерде табылды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!