Қазақ сурет өнерінің көрнекті тұлғасы қайтыс болды

Қазақ сурет өнерінің көрнекті тұлғасы, суретші, кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Нұрбұлан Өтепбаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Абай музейінің баспасөз қызметі өкілдері хабарлады. 

"Қазақ руханияты орны толмас қазаға душар болды. 73 жасында қазақ сурет өнерінің көрнекті тұлғасы, суретші, кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Өтепбаев Нұрбұлан Нұғыманұлы дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына, жақын-жуығына қайғыра көңіл айтамыз. Нұрбұлан Нұғыманұлы саналы ғұмырында ұлағатты ұстаз болып саналы шәкірт тәрбиелеп, сурет өнерінде Абай тұлғасын жете танытуға барын салған айтулы қылқалам шебері. Оның шығармашылық зертханасынан шыққан Құнанбай, Абай мен оның айналасына қатысты суреттер сериясын толтырған портреттері, қазақ даласының көрнісі бедерленген картиналары ел руханиятымен мәңгі жасары анық", - делінген хабарламада. 

Massaget.kz редакциясы Нұрбұлан Өтепбаевтың жақындарына қайғыра көңіл айтады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!