Түрікменстан президенті Астанаға келді

Түрікменстан президенті Астанаға келді
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысады. Түрікменстан басшысын Қазақстан премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды. 

Қазақстан мен Түрікменстан өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп жатыр. Мәселен, 5 жыл ішінде екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 4 есеге өсіп, тек кейінгі жылдың өзінде 28 пайызға артты. Биылғы 6 айда тауар айналымы $237,2 млн болды.

Бүгінгі таңда ынтымақтастықты арттырудың перспективалы бағыттары – газ және транзиттік-көлік салалары.

Онда автожолдарды реконструкциялау және салу бойынша бірқатар ірі жобалар іске асырылуда. Оның ішінде ұзындығы 225 шақырым болатын "Қазақстан шекарасы – Гарабогаз – Түрікменбашы" жаңа автожолының және Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы бар. Ұзындығы 165 шақырым "Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы" автожол учаскесін реконструкциялау жобасы пысықталып жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек