Атырауда 18 жастағы жігіт өлі табылды

Атырауда 18 жастағы жігіт өлі табылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Атырауда полицейлер ер адамның өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді. 

ПД мәліметінше, бейсенбіде сағат 14:15-те Сырым Датұлы көшесінде орналасқан гараждың маңынан 2006 жылы туған жігіт өлі табылған. 

"Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген материалда.

Еске салайық, бұған дейін 1 тамызда Атыраудың маңында 9 жастағы қыз бен 7 жасар ұлдың ағасы мен әпкесі суға батып кеткені хабарланған еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек