"Келесі жылға дейін төлеп бітіремін". Тұрсен Алагөзов Шымкенттегі сыра зауытын қаншаға сатып алғанын айтты

"Келесі жылға дейін төлеп бітіремін". Тұрсен Алагөзов Шымкенттегі сыра зауытын қаншаға сатып алғанын айтты
Фото: Әлеуметтік желіден

Кәсіпкер Тұрсен Алагөзов Динара Сатжанға берген сұхбатында Шымкенттегі сыра зауытын қанша теңгеге сатып алғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, зауытты сатып алар кезде ақшасын бөліп төлеуге келіскен.

"Шымкенттегі сыра зауытын 8 млрд теңгеге сатып алдым. Бұл ақша менде болмағандықтан бөліп төлеуге келістік. Бүгінгі таңда 50-60 пайызын төлеп тастадым. Есептеуім бойынша, осы жылдың соңы, келесі жылға дейін барлық сомасын төлеп бітеміз. 12 млрд теңгеге инвестиция жасап, жаңа құрылғылар алдық, жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сонда бұл бизнес 20 млрд теңге тұрды", - деді ол. 

Кәсіпкер зауытты сатып аларда үлкен тәуекелге барғанын айтты.

"Біріншіден, мұнда 10 гектар жер бар. Есептеп қарасақ, аз дегенде жер 5 млрд теңге тұрады. Бұдан басқа құрылғылар, технологиялар бар. Сол үшін де 8 млрд теңге зауыт үшін жақсы баға деп ойлаймын. Маған ұсынған жігіттерге алғысым шексіз", - деді ол.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы