Сәкен Майғазиев Димаш Құдайбергеннің Астанада өтетін концерті туралы не айтты?

Танымал қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев тыңдармандарын Димаш Құдайбергеннің елордадағы концертінен қапы қалмауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің елордадағы концерті қашан болатыны белгілі болды.

"13-14 қыркүйек, Астана қаласында өтетін Димаштың ғажап концертінен қапы қалмаңыздар, әнсүйер қауым!" - деп жазды Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Әншінің оқырмандары Сәкен Майғазиевтің бұрыннан бері Димашқа қолдау көрсетіп келе жатқанын айтып, сүйсініп жатыр. 

"Димаштың концертіне әлемнің түпкір-түпкірінен жанкүйерлер келеді. Оның Отанындағы концертін жіберіп алмау керек, күтеміз", "Билет алып қойдық, Алла қаласа барамыз", "Аға деген осындай болуы керек. Сәкен Димашты сонау "Singer 2017" кезінен бері қолдап келеді" деп пікір қалдырып жатыр желі қолданушылары. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!