"Айнаға қарағым келмейді, өзімді жек көремін". Мақпал Исабекова қандай күйде жүргенін айтты

"Айнаға қарағым келмейді, өзімді жек көремін". Мақпал Исабекова қандай күйде жүргенін айтты
Фото: видеодан кадр

Танымал қазақстандық әнші Мақпал Исабекова екі баламен декреттік демалыста отырудың қиын тұстарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен қазір өзіме өзім ұнамаймын. Қан қысымын реттеу үшін ішетін дәрілерді ішіп жүргеніме бір ай болып қалды. Соның әсерінен менде үнемі ісіну. Сол үшін суретке түскім келмейді. Тіпті, айнаға қарағым келмейді", - деп ішкі күйзелісімен бөлісті әнші әлеуметтік желіде. 

Мақпал Исабекова әлеуметтік желідегі оқырмандарынан көмек сұрап, "бала емізу кезінде бетіңізге қандай күтім жасадыңыз, бөлісіп кетіңізші, өтініш" деп жазды ол. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева