"Барлығы өзіңнің тілеп алғаның". "Меломен" тобының әншісі бұрынғы әйелін ұрғанын мойындады

"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберген әлеуметтік желідегі парақшасында әншінің ұрғанын мойындаған аудиожазбасын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жазбада бұрынғы әйелін ұрғанын мойындамаған әншінің аудиожазбасы анық көрсетілген.

 "Иә, ұрғаным рас. Мен сені жұдырықпен ұрған жоқпын. Қолым ауыр, 5-6 рет шапалақпен ұрдым. Барлығы өзіңнің тілеп алған шапалағың. Мұрныңның сынғаны да бір-ақ соққы. Аузыңды тыймағандықтан болды", - деп жауап берген әнші. 

Алайда әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасындағы оқырманның "Нұрилланы қанша рет ұрдың" деген сұрағына "0 рет" деп жауап берген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!