"Кей кезде өзімді жек көрем". 18 жасында ана атанған Индира Елемес өкінішін білдірді

Танымал қазақстандық әнші ерте тұрмысқа шығып, балалы болған сәттегі қиындығы туралы алғаш рет айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші "Мамский әңгіме" бағдарламасында қонақ болып, алғаш рет жеке өмірі туралы сұқбат берді.  

Индира Елемес 18 жасында ана атанған екен. Үлкен қызы қазір 13 жаста. Әнші ол кезде аналық сезімі болмағанын айтып, ағынан жарылды. 

"Ол кезде оқыдым, жұмыс істедім. Одан бөлек, келін болған соң үй шаруасымен де айналыстым. Шынымды айтсам, балама көңіл бөлетін уақытым да, мүмкіндігім де болмады. Ол үшін өзімді кішкене біртүрлі сезінемін. Кей кезде тіпті өзімді жек көрем, бірақ енді не істеймін, сол кезде солай болуы керек болған ғой. Баламды асырау үшін тамағына ақша табу керек болды. Білмеймін, мен бұл жағдайды сізге айтып түсіндіре алмаймын. Бірақ кейін ұлымды саналы түрде босандым. "Мен анамын ғой" деген сезіммен ұлымды қалап, дүниеге әкелдім. Алладан сұрап алдым", - деді әнші. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!