"Ұрлық жасағандай болдым". Талғат Жорабаевтің әйелі туған күнінде тосынсый жасады

Әнші Талғат Жорабаевтің әйелі Аяулым Жорабаева күйеуінің туған күніне күтпеген жерден ерекше тосынсый дайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кеше ұрлық жасағандай қорқыныш болды. Өмірімде ондай пранк жасап көрмегенмін. Қызық болса, бәрін басынан бастайын. Төрт қошақанның әкесіне пранк жасау оңай емес. Осыдан 4 жыл бұрын пранкімнің сранкі шыққан. Осы жолы қорықтым ұрысып береді ме деп. Алланың қалауымен Тәкеме туған күніне тосынсый жасағым келді, бірақ қатты уайымдадым. Өйткені, ондайды мүлдем ұнатпайтыны бар. Туған күн жасауды мүлде қаламайтын", - деп жазды әншінің әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Әйелі Талғат Жорабековтің туған күніне барлық араласатын достарын шақырғысы келген. Бірақ бұл жоспарды орындау біраз қиынға соғыпты. 

"Ойлана келе, туған күніне барлық жақын араласатын достарын шақырғым келді, алайда уайымым оны қалай ол жерге апарамын болды. Содан ойлана келе Жадыра құрбымның жолдасы Мақсат ағам дәл сол күні тойға өлең айтып кетуге шақырды. Тәкем бара алмаймын дегені бар ма? Не істеймін ал?", - деп жазған әйелі соңында әншінің бүкіл достарын бір жерге жинап, күйеуіне ерекше туған күн кешін ұйымдастырып бергенін хабарлады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!