Шымкенттік ер адам ауыр дертке шалдыққан қызы мен жүкті әйел аяусыз соққыға жыққан

Шымкентте бірнеше күн бұрын әкесі қол жұмсап, реанимациядан бір-ақ шыққан үш айлық сәбидің жағдайы тұрақталып, анасы ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлер науқас баланы жансақтау бөлімінен палатаға ауыстыруды жоспарлап отыр. Олардың сөзінше, баланың жарақаты жазылып, жағдайы жақсара бастаған. Күйеуі ұрып-соққан келіншектің де беті бері қарап, бүгін амбулаторлық емге шығарылды.

"1 тамыз күні 2001 жылы туған Н. жедел жәрдем көмегімен қабылдау бөліміне жеткізілген. Жедел түрде нейрохирургиялық орталыққа жатқызылған. Диагнозы бас миының жарақаты, бас миының шайқалуы, жүктілік 12-апта. Стационарлы емі біткеннен соң бүгін амбулаторлық емге жіберілді. Невропотолог және гинекологтың бақылауында", - деді № 1 қалалық клиникалық ауруханасы нейрохирургия бөлімінің дәрігері Бабур Юсупов.

Шымкентте 53 жастағы ер адам ауыр дертке шалдыққан қызы мен аяғы ауыр келіншегін аяусыз соққыға жыққан. Салдарынан жарақат алған анасы мен баласы ауруханадан бір-ақ шыққан. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адам қамауға алынды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!