Түркістан облысында жүйткіп келе жатқан автобус мотоциклді жаншып өтті

Түркістан облысында автобус пен мотоцикл соқтығысты. Салдарынан 37 жастағы мотоцикл тізгіндеген жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Жол апаты Сарыағаш ауданында болды. Бенебақылау камерасында түскен видео әлеуметтік желіде тарады.

Видеода қалааралық автобустың жүйткіп келе жатқаны көрінеді.

Сарыағаш ауданының полициясымен жол көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу амалдары басталды.

"Автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамына тоқтамай, спорттық мотоциклмен соқтығысты. Салдарынан 37 жастағы мотоциклші қайтыс болды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды", - деді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдірахманқызы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз