"Неге сондайсыздар жігіттер?" Сара Амангелді жігіттерге қатысты ойын айтты

Актриса, әнші Сара Амангелді жігіттерге қатысты ойын білдіріп, өзіне қандай жігіттер ұнайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Келінжан" сериалының түсірілімінде жүрген Сара Амангелді актриса Нұргүл Мыңғатовамен бірге видео түсірді. Видеода екі актриса әңгімелесіп, әртүрлі тақырыпты талдап тұрады. 

"Достар, менде мынадай әдет бар. Сіздерде де бар ма? Адамның қолын, білегін ұстай беремін. Кімдікі болса да. Жұмсақ болғаны қатты ұнайды", - деді Сара Амангелді Нұргүл Мыңғатованың қолын ұстап тұрып.

"Осылай ұстап-ұстап созып тастаған", - деп күлді Сараның бұл қылығына әріптесі.

"Бір жігіттер бар, осылай қолынан ұстап қалғанда бірден бұлшықеттерін қатайтып алады. Неге сондайсыздар, жігіттер? Маған керісінше жұмсақ болғаны ұнайды. Жігіттің денесін ұстап қалсаң қатты етіп бірден бұлшықетін көрсеткісі келіп тұрады", - деп ойын айтты Сара Амангелді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!