"7 сот отырысы маған көп нәрсе үйретті". Дана Нұржігіт он айға созылған сот процесі туралы айтты

Танымал журналист Дана Нұржігіт лимоннан лимонад жасап, өмірдің қиын кезеңдерін қалай өткеріп шыққанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қышқыл лимоннан тәтті лимонад шығара білуді өмір өзі үйретеді. Он ай бойы өзімді қорғап, тергеу, сот процестерінен өткен кезде азаматтық іс, қылмыстық іске байланысты құжаттарды зерттеп, сот отырыстарына, тергеушіге түсініктеме берерде алдын ала дайындалып баруым керек болды. Басымнан өткен 7 сот отырысының өзі маған көп нәрсе үйретті. Істі жүргізу формасы, регламенті, құрылымы, түрлі форматы… Қазір осының бәрі менің "Dana soz" шеберханасындағы дәрістеріме керекті таптырмайтын материал болды. Лимон лимонадқа айналды деген осы!" - деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Журналист ұйымдастырған мастер-кластарға "тәлімгерім болыңыз" деп қорғаушылар, жеке кәсіпкерлер, мұғалімдер өтініш білдіріп, хабарласады екен.

Дана Нұржігіт өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісе отырып, оқырмандарын курсына қатысуға шақырды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Дана Нұржігіт ісі қалай сотқа дейін жеткені туралы айтқан болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!