Жол бермеген: Қостанайда 17 жастағы мопед жүргізушісі жол апатына ұшырады

Қостанайда көлік пен жасөспірім тізгіндеген мопедтің қатысуымен жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Толстой мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында болған. Мопед жүргізушісі 17 жаста.

Полиция департаментінің мәліметінше, Lada маркалы көлігінің жүргізушісі сол жақтан маневр жасап, қарсы бағытта келе жатқан мотоциклге жол бермей, соқтығысты.

"Жол апаты салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған кәмелетке толмаған жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!