"Жастықтың өзі де, үні де сұлу ғой". Ақбота Керімбекова жастық шағындағы видеосын жариялады

Қазақстандық танымал әнші Ақбота Керімбекова жастық шағындағы видеосын жариялап, қызық сәтін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін оқырманымыздан сонау 90-шы жылдары "Тамашаға" түсірілген бейнетаспа келді. Қанша жыл бұрынғы видео болса да, әлі ыстық. Бұл жерде мен А.Тілегеновтің "Қарағым-ай" деп аталатын, кезінде жақсы таралған, жақсы тыңдалған әнін орындап отырмын. Бәрінен бұрын жастықты айтсаңызшы, жастықтың өзі де, үні де сұлу ғой. Айболатов Дастан есімді бауырымызға зор алғыс! Өзі өнер жұлдыздарының естеліктерін, ең қымбат жастық шағын жинақтауды хоббиі еткен жігіт екен, ютуб каналында көөөп қызықтар бар. Аман болсын ініміз", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Желі қолданушылары да әншінің жастық шағын сағынатын сияқты. 

"Ақбота, жарайсың, осы өлең сенің бағыңды ашқан сияқты", "Жаным сол, өте қаты жақсы көремін, Ботаны тыңдай бергің келеді, дауысы адамды жалықтырмайтын дауыс, керемет" деп пікір қалдырып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз