Айжан Байзақованың інісі ұсталды: Алматы полициясы түсінік берді

Алматыда блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақовтың аса ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінген бір топ адаммен ұсталғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған ақпаратта ұйымдасқан қылмыстық топтан көп мөлшерде атыс қаруы мен бір граната тәркіленгені туралы да айтылады.

Алматы полициясы бұған қатысты түсінік берді.

"Алматы полиция департаменті аталған азаматтың полицияға куә ретінде жеткізілгенін хабарлайды. Тергеуден кейін ол босатылды", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!