Футболдан жарысқа бара жатқан: Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан бес бала қаза тапты

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында Самара — Шымкент тасжолының 862-шақырымында MAN жүк көлігі мен Toyota көлігі соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жеті жолаушы, оның ішінде бес бала оқиға орнында көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, балалар Маңғыстау облысына футболдан жарысқа бара жатқан.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Апаттың себептері анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!