Атырау облысында дәрігерлер өндірістік жарақат алғандар туралы ақпаратты жасырған

Атырау облысында жұмыс орнында жарақат алған қызметкер туралы ақпаратты жасырған дәрігерлер жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Прокурорлық тексеріс кезінде еңбек қауіпсіздігі саласында заң бұзушылықтар анықталды. Медициналық ұйымның қызметкерлерімен 13 өндірістік жарақат фактісі жасырылған.

Бұл деректер бойынша жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін анықтау үшін міндетті тергеулер қамтамасыз етілмеген.

Өз кезегінде жәбірленушілер өздеріне тиесілі өтемақы алу құқығынан айрылды.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде Мақат аудандық ауруханасы ҚР ӘҚБтК-нің 96-бабының 1-бөлігімен (Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!