Алматыда Абай күні қалай тойланады?

10 тамыз - ұлы ақын, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ағартушы және қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күні Алматыда қандай шаралар өтеді? Толығырақ Massaget.kz материалында. 

Бұл мерекеге орай Алматыда 7-11 тамыз аралығында бірқатар іс-шара өтеді: кітап көрмелері, конкурстар мен викториналар, семинарлар мен тренингтер, шахмат турнирі, сондай-ақ, "Абай әлемі" концерттік-пьесасы.

7-8 тамыз аралығында ұлы ақынның күніне орай түрлі байқаулар өтеді. 

9 тамыз: 

  • 09:00-де Абай алаңында Абай ескерткішіне гүлшоғын қою рәсімі; 
  • 11:00-де "Абайдың қара сөздері" кітап көрмесі;
  • "Абай мұрасы – ұлттық құндылық" салтанатты мерекелік шара.

10 тамыз: 

  • "Абай әлемі" танымал артистердің қатысуымен концерт- спектакль;
  • Ашық аспан астындағы кино.

Бұдан басқа, "Қазақ қоғамындағы Абайдың рөлі" тақырыбында семинар тренинг, "Абай Chess" шахмат турнирі, "Дархан халықтың дана Абайы" Абай өлеңдеріңн оқу, "Абайды оқы – таңырқа!"  өлеңдер оқу, "Абай Құнанбаев туралы не білеміз?" блогерлердің қатысуымен қала тұрғындары арасында блиц-сауалнама, "Абай өлеңдері" домбырада орындаушылар байқауы сынды шаралар өткізіледі. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз