Қызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі көлікті мас күйде айдаған

Қызылорда облысында жедел жәрдем жүргізушісі көлікті мас күйде айдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол 15 тәулікке қамалып,, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. 

Оқиға Самара - Шымкент тасжолында болған. Құжаттарды тексеру барысында өзін біртүрлі ұстаған жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдікті көрінген. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті.

Айта кетейік, өңірде 6-8 тамыз аралығында "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Полицейлер жол жүрісіне қатысушыларды мұқият болуға шақырады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!