Бангладештегі қақтығыстар: СІМ маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Бангладеш Халық Республикасына сапарға шығуға қатысты ұсынымын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бангладеш Халық Республикасындағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматтарына аталған елге ахуал тұрақтанғанға дейін барудан уақытша бас тартуды ұсынады.

"Қазіргі уақытта Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтар қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқарушы Үндістан Республикасындағы Елшілігімен тұрақты байланыста болуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Бангладеште жүрген ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары төмендегі байланыс нөмірлер арқылы шұғыл хабарласа алады.

ҚР СІМ-нің байланыс нөмірлері:

+7 (7172) 720111 (кезекші дипломат)
+7 705 443 33 32 (ұялы телефон, WhatsApp)

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің байланыс нөмірлері:

+91 1145 555 106
+91 9667 118 363

Еске салайық, 5 тамызда Бангладеш тұрғындары үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, митинг жасаған болатын. Мыңдаған адам жергілікті полиция мен үкіметтің белсенді адамдарымен қақтығысып қалды. 

Артынша 76 жастағы премьер-министр Шейх Хасина әскери ұшақпен елден қашып кеткені белгілі болды. Хасинаның отставкаға кеткені туралы ақпаратты Бангладештің жоғарғы комиссиясы растады. 

France 24 басылымының мәліметінше, наразылық кезінде кемінде 300 адам қаза тапқан. 

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Бангладеште қазақстандықтар жоғын мәлімдеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!