Автобуста ұрлық жасаған ақмолалық ұсталды

Ақмола полицейлері қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Көкшетау қаласының тұрғынынан 22 маршруттық автобуста алтын бұйымдар салынған әйелдер қол сөмкесін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 500 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында қаскүнем анықталды.

Күдікті облыс орталығының уақытша жұмыс істемейтін 53 жастағы тұрғыны болып шықты. Полиция басқармасы осы факті бойынша 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Баптың санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді. Ақмола облысының полиция департаменті жолаушыларды жеке мүлкін ұрламау үшін қоғамдық көлікте қырағы болуға шақырады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз