Астана әуежайында ұшақ зақымданды

Air Astana Астана әуежайында FlyArystan ұшағы зақымданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Air Astana компаниялар тобы 5 тамызда Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтіргенін, соның салдарынан ұшақтың бірнеше күн бойы мәжбүрлі тұраққа қойылғанын хабарлады. Атап айтқанда, әуежай баспалдақтарын дұрыс қолданбау салдарынан ұшақтың артқы кіреберіс есігі зақымданған.

Жөндеу құны айтарлықтай болғанымен, басты мәселе - оқиғаның әуекомпания кестесіне, рейстердің орындалуына кері әсер етуінде. Әуекомпания күтпеген сәтсіздікке өкініш білдіріп, жазғы маусымның басынан бері Топтың Астана әуежайындағы ұқыптылық пен басқа да операциялық қиындықтарын асқындырғанын хабарлайды. 

"Air Astana Астана халықаралық әуежайдың рейстердің уақытылы орындалуына кері әсер ететін факторларды жою үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырады. Жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін топ осы мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастыққа үміттенеді", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!