Қорғаныс министрлігі қомақты қаржыны қалай үнемдемек?

Қорғаныс министрлігі әскерге тіркеуді цифрландырып, жыл сайын қомақты қаржы үнемдеуге мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мерзімді әскери қызметтің тартымдылығы мен беделін арттыру үшін бірқатар шараға бастамашылық жасаған.

Мамыр айында әскери қызметшілерге арналған білім беру гранттарына квоталар бекітетін заң қабылданды. Тегін оқуға арналған мемлекеттік гранттар мерзімді әскери қызмет кезеңінде жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта жоғары нәтиж қол жеткізгендерге беріледі. (Әскери қызметшіге) университеттегі оқудың бірінші жылында жатақханада тұруға басым құқық беріледі, - деп жазылған хабарламада.

 Сондай-ақ әскери ведомство әскерге тіркеу процесін цифрландырған.

Әскерге шақырылушыларға арналған "кредиттік каникулдар" жүйесі енгізілді. Жастарды әскери комиссариаттарға бармай-ақ, тіркеу процесі автоматтандырылды. Бұл жыл сайын тасымалдауда, медициналық қызмет көрсетуде және тіркеу туралы куәлік беруде 1 миллиард теңгеден астам қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді, - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз