"Әлі сене алар емеспін". Олимпиада жүлдегері Құрбанов жеңісін кімге арнағанын айтты

Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізген Нариман Құрбанов Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында жеңісін кімге арнағанын айтты. 

"Әрине, бұл Олимпиада циклын медаль аламыз деген үмітте болдық. 3 жыл бойы сондай мақсат болған. Біз жоспар бойынша соған дайындалдық, жыл сайын нәтиже жақсарды, медаль аламын деген сенім болды. Негізгі қарсыласым квалификация ала алмай қалды, одан кейін британиялық спортшы болды. Ол - Олимпиаданың 3 дүркін чемпионы, сондай-ақ, америкалық пен ирландиялық спортшылар қарсылас болған. Қазір Олимпиадаға дайындалу үшін жағдай жасалған. Медальдардан кейін одан әрі жақсарады деген сенімдемін. Менің шыңға шығатын кезім енді басталды, сондықтан алтынға жетуім керек. Медаль алады деп сенген адам көп болды. Медаль алсам да әлі күнге дейін сене алар емеспін. Әлі ұйқымнан оянып кетемін деп жүрмін. Бұл - көптен күткен тариха сәт,бұл жеңісті еліме арнаймын. Көбі құттықтап емес, алғыс айтып жазып жатыр", - деді Нариман Құрбанов. 

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізген Нариман Курбановтың әкесі, әрі бапкері Хусанжан Құрбанов ұлының жеңісіне қатысты пікір білдірген еді. 

"Осы медальді алуға аянбай еңбектендік. Әрине, алтын алғымыз келді, бірақ күміс алдық. Дегенмен оған да ризамыз. Мен ұлымның жеке бапкерімін. 21 жыл дайындалдық, осындай нәтижеге жеттік. Қатты қуандым, ол менің ұлым, әрі шәкіртім. Анасы екеуіміз осылай тәрбиеледік. Анасы екеуімізді үнемі шығарып салып, күтіп алатын", - дейді Хусанжан Құрбанов. 

Massaget.kz / Нұрбол Ынтымақұлы

Еске салайық, бүгін тарихи жүлде алған мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле мен гимнаст Құрбанов Алматыға келді. 

Massaget.kz / Нұрбол Ынтымақұлы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз! жыл