"Әділетсіздіктің құрбаны". Дина Төлепберген грант дауына қатысты пікір білдірді

Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген грант дауына қатысты мәселе туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, су басқан аймақтардағы балалардың жағдайын ойлап білімді шәкірттердің бағын байлау дұрыс емес. 

"Жоғарыдағылар жоғары білім туралы ойлай ма? Әділетсіздікті айтып түлектер түрлі хат жолдауда… Менің ойым: Апат келген аймаққа ортақ гранттан емес, артығымен бөлек берілуі тиіс. Су басты деп білімді шәкірттердің бағын байлау - қате… Үміткерлердің зарын естіп, жасын көргендер тағы да мүмкіндік беріп, қайта қарастырар. Қане, ҰБТ дан қанша балл алдыңыздар, қайда оқуға түстіңіздер? Сіз де әділетсіздіктің құрбаны болдыңыз ба?" - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Желі қолданушыларының да күтіп жүргені осы болса керек, "Өте орынды! Су тасқынына балалар кінәлі емес! Сондықтан сағын сындырмай, осы жайтты қайта қарастырса!", "Өте дұрыс, қолдаймын, Динағ сіздің сөзіңіздің жаны бар" деп пікір жазып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!