- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Менің де арманым...
"Менің де арманым еді". Төреғали Елдос Сметовті құттықтау үшін неден бас тартқанын айтты
Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі Олимпиада чемпионымен қалай бірге жаттыққанын, оны құттықтау үшін қандай шарадан бас тартқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ташкентке бармаған себебім - еліміз үшін тарихи сәт, әрі ол менің досым. Алтын медальдан қанша жыл үміт үзбей дайындалып жүргеніне куәмін", - деп жазды Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде Елдос Сметовпен видеоқоңырау арқылы сөйлескен скриншот жариялап.
Тіпті, алтын алу Төреғали мен Елдостың ортақ арманына айналып, спортшы мен әнші бірге жаттыққан көрінеді.
"Алматыда сборда жүрген кезінде, біраз уақыт бірге жүріп, сол арманы менің де арманым болып кеткен еді. Тіпті, дұғамнан тастамай жүрдім. Ал алтынды қордынымызға түсірген уақытта бізді дос еткен елімізге деген қызмет және осындай қуанышты барша қазаққа сыйласақ деген ниетіміз екенін түсіндім", - деді Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында ағынан жарылып.
Алдын ала жасалып қойған басқа жоспарларын ысырып қойып, Елдостың жеңісін тойлауға келген Төреғали Төреәлі жолдағы толғанысы туралы да баяндады.
"Таразға жолда келе жатып, толғанып келдім. Халқы үшін өз өмірін, жылдарын сарп еткен нағыз азамат. Әлемді мойындатқан палуанымыздың қуанышы күллі қазақтың бірлігінің көрсеткіші. Неге десеңіз, "жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпайды". Қаншама қазақтың қолдауы үлкен рөл атқарды. Енді мен де сол қазағымның қуанышына ат басын бұрып келдім", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева