Таиландта 57 жастағы қазақстандық мерт болды

Пхукетке демалуға келген 57 жастағы қазақстандық демалысының бірінші күні суға батып, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Travel-ге сілтеме жасап. 

Таиландтық БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға 31 шілдеде Карон жағажайында болған. Полиция турист қонақүйге орналасқаннан кейін теңізге қарай кеткенін айтады. 

Сағат 14.50-де тәртіп сақшыларына жедел жәрдемнен хабар түскен.  

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан адам - қазақстандық екенін растады. Әзірге қосымша ақпарат жоқ. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз