"Орамалың құтты болсын". Айгүл Иманбаева бақытын тапты

"Орамалың құтты болсын". Айгүл Иманбаева бақытын тапты
Фото: скриншот instagram.com/botakerim

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші Ақбота Керімбекова құрбысы Айгүл Иманбаевамен кездесіп, қуанышты жаңалығымен құттықтаған видеосын жариялады. 

"Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалықтары да көп. Орамалың құтты болсын, ұлымыз Асёкайды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен-үлкен жобалармен жұмыс жасап жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін! Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын!" - деп жазды әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Акбота Керимбекова (@botakerim)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева