Айнұр Тұрсынбаева жаңа босанған Баян Мақсатқызына Түркиядан сыйлық жіберді

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева үшінші рет ана атанған Баян Мақсатқызына арнайы сыйлық жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді. 

"Бүгін мынадай сыйлық келді. Кімнен екен?", - деген Баян Мақсатқызы шоколадты құлпынай мен түрлі жемістер толы себетті ашып, ашықхатты дауыстап оқып берді. 

Ашықхатта: "Баяшка, ханшайымның бауы берік болсын! Ғұмырлы болсын! Aidyn_nury" деп жазылған екен. 

"Көп рахмет, Айнұр. Анау Түркиядан құттықтап жатқан қандай мұқият адамсың", - деп алғысын білдірді Баян Мақсатқызы. 

Еске сала кетейік, Баян Мақсатқызы бүгін үшінші рет ана атанды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!