Бес бөлмелі пәтер мен қымбат көлік: Сметовті туған өлкесі қалай қарсы алды?

Бес бөлмелі пәтер мен қымбат көлік: Сметовті туған өлкесі қалай қарсы алды?
Фото: instagram.com/olympickz

Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Елдос Сметовті Жамбыл жұртшылығы Тараздың шығыс қақпасынан сән-салтанатпен қарсы алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елдос Сметов көліктен түскен бойда өнерпаздар әндерін әуелетіп, ақ жаулықты әжелер шашуын шашып, ұлттық дәм ұсынды.

Жамбыл облысы спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы Тәуірбек Қарауылтегі Олимпиада чемпионына ақ батасын берді.

Облыс әкімі Елдос Сметовке барша жамбылдықтардың атынан алғыс білдірді.

Олимпиада чемпионына бес бөлмелі пәтер мен Lexus LX 600, ал бапкеріне екі бөлмелі пәтер мен Hyundai Santa Fe көлігінің кілті тарту етілді.

Елдос Сметовті қарсы алу рәсімі Жабаев даңғылы мен Сүлейменов көшесі бойынша көліктердің салтанатты шеруімен жалғасты.

Жол бойындағы жамбылдықтар чемпионға зор құрмет, ыстық ықыластарын білдірді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан