Әлімхан Сыздықов Олимпиаданың ширек финалында тізе бүкті

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Әлімхан Сыздықов Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ширек финалда Сыздықов әзербайжандық Сабах Шариатиден ұтылды. 

Есеп - 0:4. 

Еске салайық, бұған дейін 60 келі салмақтағы балуанымыз Айдос Сұлтанғали бірінші белдесуде қырғызстандық әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековке есе жіберген еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!