Тұрмысы төмен отбасылардың балалары мен жетімдерге грант бөлінеді

Биыл "Қазақстан халқына" қоры есебінен тұрмысы төмен отбасылардың балалары мен жетімдерге грант бөлінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Қор 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранты бағдарламасын жалғастырады. Биыл әлеуметтік осал топтағы тағы 850 талапкерге жоғары білім алуға мүмкіндік беріледі. 2022 жылдан бері аталған бағдарлама аясында 2,6 мыңнан аса студент университеттерде тегін білім алып жатыр.

Қор 2023-2024 жылдары оқуға және шәкіртақыға 2,6 миллиард теңге бөлінген. Білім гранты:

  • Күндізгі оқу бөлімінде "бакалавр" дәрежесін алуға 1 миллион теңгеден аспайтын мөлшерде тегін төлем;
  • Жазғы демалысты қоспағанда, тамақтандыру, тұру және оқу материалдарын сатып алу шығындарын ішінара жабуға 10 айға 40 мың теңге ай сайынғы стипендия қарастырылған.

2022 жылдан бастап бағдарламаға 93 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы қатысып жатыр:

Өтініш берушілерді таңдау критерийі:
1) Ауылдық жердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан;
2) Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
3) Мүгедектігі бар;
4) Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан;
5) 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған Қазақстан азаматтарының балалары;
6) 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде жараланған балалар.  

Үміткерлердің жасы 29 жастан аспауға тиіс. Білім беру гранты жеке болып саналады. Ол басқа адамға берілмейді және аккредиттелген университеттерде күндізгі бөлімде оқу үшін бір рет беріледі.

Мемлекеттік білім грантына ие болған талапкерлер "Қазақстан халқына" қорының грантына құжат тапсыра алмайды.

Білім беру грантын беру өз қалауы және үлгерімі төмен болып, оқудан шығарылған жағдайда, сондай-ақ студент екінші жылға қалғанда, дұрыс емес немесе дәйексіз құжаттар ұсынған жағдайда тоқтатылады.

Критерийлерге сай болсаңыз, өтініш бергіңіз келсе, ЖОО-лардың қабылдау комиссиясына хабарласыңыз. Өтініштер 17 тамызға дейін қабылданады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!