Алматыдағы тағы бір жолайырықтағы көпір біраз уақытқа жөндеуге жабылады

Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы аумаққа орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6 тамыз сағат 23:00-ден 8 тамыз сағат 11:00-ге дейін көпірде қозғалыс батыс бағытта, сондай-ақ Кудерин көшесінен қосылатын жол толығымен жабылады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

"Қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!