Қостанай облысында 19 отбасылық агрессордан қару табылды

Қостанай облысында 19 отбасылық агрессордан қару табылды
Фото: elements.envato.com

Қостанай облысында 19 адам қаруды заңсыз ұстап жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облысының прокуратурасы азаматтық қару айналымы саласындағы заңнаманы қолдану мәселелерін талдаған. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасау азаматтық қару айналымы саласындағы рұқсаттың қолданылуын тоқтату үшін негіз.

Мысалы, Қостанай тұрғыны сот қаулысымен отбасылық-тұрмыстық саладағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған қатысты тіпті қорғау ұйғарымы шығарылды, алайда уәкілетті орган оның рұқсатының қолданылуын тоқтату жөнінде шаралар қабылдаған жоқ.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 494 бұзушы білімін тексеруге жіберілді, 19 отбасылық агрессорға қатысты қаруды алып қою арқылы рұқсаттардың күшін жою жөнінде шаралар қабылданды.

Тиісті бақылаудың және уақтылы шаралардың жоқтығы үшін кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина