Қостанайлық блогер жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланады

Қостанайлық блогерге жалған ақпарат орналастырғаны үшін айыппұл салынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты ӘҚБтК 456-2-бабының 5-бөлігі (жалған ақпарат орналастыру, тарату) бойынша азамат П.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес 2024 жылғы 25 шілдеде П. әсер етуші (блогер) бола отырып, кәсіпкерлік қызмет мақсатында интернеттің әлеуметтік желісінде және онлайн-платформада автомобильдердің алдыңғы және алдыңғы-бүйір әйнектерін бояу(тонировка) туралы жалған ақпаратты орналастырған.

Сот отырысында П. кінәсін мойындап, блогер ретінде әлеуметтік желілерде көлік құралдарында әйнек бояуға рұқсат беру туралы тексерілмеген ақпаратты жариялағанын растады.

Сот қаулысымен П. кінәлі деп танылды, 77 532 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!